Баланы жазғы лагерге жіберу біршама сұрақтар тудырады. Соның жиі қойылатындары:
Қандай құжаттар қажет?
Барлық құжаттарды электронды түрде жіберу керек.
Қандай киім алу керек?
Лагерде мобилді байланыс бар ма?
Бар.
Лагерьде балалар телефон ұстап жүреді ме?
Біздің лагерде телефон мен гаджеттер қолдану уақыты шектелген. Балалар келген күні телефонды өткізіп, 3, 6, 9 күні ата-аналарымен сөйлесуге алады. Және басқа да уақыттарда фото/видеоға түсуге қолданады.
Лагерде тыйым салынған заттар
Балаға ақша берейік пе?
Оны өздеріңіз білесіздер. Лагердің ішінде магазин мен кафетерий бар.
Барарда жиналатын жер және уақыт
Таңғы 8:00-де Шымкент қ, Арғынбеков көш. 128, DELVE CAMP офисына келу керек. Осы жерде автобустар тұрады. Автобус жанындағы қызметкерге келіп, смартфоннан путевканы көрсетіп, багаж тапсыру қажет. Сағат 9-да автобустар жолға шығып кетеді.
Лагердегі балалармен жолығатын уақыт
Сенбі және Жексенбі, 14:00 — 18:00 аралығында.
Лагерь біткен соң сағат нешеде келесіздер?
Сезонның соңғы күні автобустар сағат 4-ке Шымкент қ, Арғынбеков көш. 128, DELVE CAMP офисына келеді. Ата-аналарға автобус есігіне жақындап баланың аты-жөнін айту керек.
Баланы күтіп алу міндетті ме?
Иа, 18 жасқа толмаған бала болғандықтан, біз оны жалғыз өзін жібере алмаймыз. Өзіңіз келе алмасаңыз, туыстарын жіберіңіз
Басқа қаладан келетіндерге не ұсынасыздар?
Біз баланы аэропорттан/вокзалдан күтіп алып, DELVE CAMP лагеріне жеткізе аламыз. Сезон біткен соң, аэропортқа/вокзалға қайта алып келіп, рейске салып жібере аламыз. Бұл қызмет ақылы.
Договор мен бухгалтериялық документтер бересіздер ме?
Иә, путевка алған кезден бастап біздің арамызда осы Келісім-шарт күшіне енеді, қажет болса чек және қосымша бухгалтериялық құжаттар бере аламыз.