Жария оферта келісім-шарты

22.04.2024 жылы жаңартылған «Delve Camp» ағылшын лагерінде кәмелетке толмаған баланың демалысын ұйымдастыру бойынша ақылы қызметтер көрсету келісім-шарты (жария оферта)

Осы Келісім-шарт жария оферта болып табылады. «Заңды өкілдің» delvecamp.kz сайты арқылы, +7 (777) 788 60 60 телефоны бойынша немесе өзге тәсілмен «Delve Camp» балалар мен жасөспірімдерге арналған ағылшын лагеріне жолдамаларды брондауы және жолдамаларды төлеуі осы Келісім-шартты жасасуды және ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабына сәйкес төменде баяндалған тармақтарды қабылдауды білдіреді.

«Delve Camp» балалар мен жасөспірімдерге арналған ағылшын лагері, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталады, бір тараптан және баланың мүддесін білдіретін, бұдан әрі «Заңды өкіл» деп аталатын, Келісім-шарт жасасу туралы жария ұсынысты (офертаны) қабылдаған Тұлға, екінші тараптан, бірлесе «Тараптар» деп атала отырып, төмендегі туралы осы Келісім-шартты (бұдан әрі — «Шарт») жасасты:

  1. Шарттың мәні

1.1. Осы Шартқа сәйкес «Орындаушы» белгілі бір маусымға «Заңды өкіл» сатып алған жолдамаға сәйкес «Delve Camp» балалар мен жасөспірімдерге арналған ағылшын лагерінде (бұдан әрі – «Лагерь») кәмелетке толмаған баланың демалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал «Заңды өкіл» жолдама құнында көзделген қызметтердің барлық кешенін төлеуге міндеттенеді. 

1.2. Лагерьге 7 немесе 10 күнге (оның ішінде кіру және шығу күні) жолдаманың құны delvecamp.kz сайтында және/немесе www.instagram.com/delve_camp парақшасында орналастырылған.

1.3. Лагерьдің қосымша қызметтерінің құны да delvecamp.kz сайтында және/немесе www.instagram.com/delve_camp парақшада орналастырылған.

  1. Есептесу тәртібі

2.1. «Заңды өкіл» жолдама құнының 100% мөлшерінде төлеуге міндетті, ал бронь жасалған жағдайда маусым басталғанға дейін 10 (он) күн бұрын есеп айырысу шотына немесе тікелей «Орындаушының» кассасына аудару жолымен төлеуге міндеттенеді.

2.2. «Заңды өкіл» осы Шарттың 2.1 тармағының талаптарын орындамаған жағдайда «Орындаушы» жолдама беруге және соның салдарынан бос орын беруге кепілдік бермейді.

2.3. Жолдама толық құнын қайтару сатып алу/брондау сәтінен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде, бірақ маусым басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын мүмкін болады.

2.4. Жолдамадан сатып алу/брондау сәтінен бастап 14 күн өтіп кеткен соң бас тартқанда, төлемнің 50% қайтарылады, бірақ маусым басталғанға дейін кемінде 10 күн қалу керек.

2.5. Маусым басталғанға дейін 10 күннен аз уақыт қалса немесе маусым басталған кезде жолдамадан бас тартқан жағдайда, Орындаушы жолдама құнын қайтармайды.

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. «Заңды өкіл» құқылы:

3.1.1. Баламен Лагерьдің ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген сағаттарда, арнайы белгіленген орындарда, Лагерь өкілінің қатысуымен, күннің жалпы режимін бұзбай кездесуге;

3.1.2. Баланың Лагерьде болуы кезінде тұру, тамақтану, сабақтар мен іс-шаралар өткізу шарттары туралы ақпарат алуға;

3.1.3. Тиісті құжатты рәсімдегеннен кейін баланы бірнеше сағат, күн, мерзімінен бұрын алып кетуге;

3.2. «Заңды өкіл» міндеттенеді:

3.2.1. Балада аурулардың және (немесе) медициналық қарсы көрсетілімдердің, психикалық және жеке ерекшеліктердің болуы туралы «Орындаушыны» хабардар етуге;

3.2.2. Лагерьге кіру кезінде төмендегі құжаттарды көрсету:

— эпидемиологиялық ортаны көрсете отырып,  тиісті түрде дәрігер куәландырған, өту мерзімі орталыққа келген күнге дейін 2 айдан ерте емес 071/У нысанындағы медициналық анықтаманы (балалар лагеріне кететін балаларға арналған анықтама); Медициналық анықтамасыз бала лагерьге қабылданбайды.

— туу туралы куәліктің немесе бала куәлігінің көшірмесі/сканері/фотосуретін;

— баланың 3х4 фотосуретін;

— ата-аналардың бірінің куәлігінің немесе паспортының көшірмесі/сканері/фотосуретін;

— «Орындаушы» берген жолдаманы.

3.2.3. Баланың «Орындаушыға» келтірген мүліктік зиянын толық көлемде өтеуге. «Орындаушы» «Заңды өкілге» бекіткен прейскурантқа сәйкес бүлінген немесе сынған мүліктің нысанасын, бүлінген немесе сынған мүліктің бүліну немесе сыну дәрежесі мен құны сипатталатын Мүліктің бүлінгені туралы актіні ұсынады;

3.2.4. 3.2.3 тармағы бойынша актіге сәйкес төлем шоты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бүлінген және (немесе) сынған мүліктің құнын төлеуге міндетті.

3.3.  «Орындаушы» міндетенеді:

3.3.1. Жолдаманың қолданылу мерзімінің барлық уақытында баланың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты болуға;

3.3.2. Жолдамада көзделген көлемде және мерзімде балалардың демалысы бойынша қызметтерді сапалы көрсетуге;

3.3.3. Баланың ыңғайлы бөлмелерде тұруын қамтамасыз етуге;

3.3.4. Балаға 5 рет тамақтануды ұйымдастыруға;

3.3.5. Баланың таза ауада болуын, маусым бағдарламасы шеңберінде сауықтыруға, дене шынықтыру, мәдени іс-шараларды, жорықтарды, ойындарды, қызығушылықтары бойынша сабақтарды өткізуді, алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге;

3.3.6. Баласына қатысты барлық оқиғалар мен жазатайым оқиғалар туралы «Заңды өкілге» дереу хабарлауға міндетті.

3.4. «Орындаушы» құқылы:

3.4.1. Осы шартқа және ҚР қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қатысуымен өткізілетін мәдени-ойын-сауық, дамыту және өзге де іс-шаралар бағдарламасын өз бетінше таңдауға;

3.4.2. Қызметкерлерді өз қалауы бойынша жалдап, жарақтандыруға;

3.4.3. Демалып жатқан баланың суретін delvecamp.kz сайтында, әлеуметтік желіде және реклама құралдарында орналастыруға;

3.4.4. Баланың осы Шартқа №1 қосымшада көрсетілген «Лагерьде жүріп-тұру ережелерін» бірнеше рет немесе бір рет өрескел бұзуына байланысты осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға және «Заңды өкілден» пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы төлемей баланы Лагерьден алып кетуді талап етуге құқылы. 

  1. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. «Орындаушы» баланың қараусыз қалған материалдық құндылықтарының сақталуына жауапты болмайды. Бірақ сонымен бірге ол жоғалған құнды табуға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттенеді.

4.2. Осы Шарттың 3.2.4-тармағы бойынша бүлінген мүліктің құнын төлеу мерзімі өткен кезде «Заңды өкіл» «Орындаушының» бірінші талабы бойынша оған мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасының 0,5% (нөл бүтін оннан бес пайыз), бірақ берешек сомасының 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде айыппұл тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттенеді.

4.3. Тұрақсыздық айыбын, өсімпұлды, айыппұлды төлеу кінәлі тарапты Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаудан босатпайды.

  1. Дауларды реттеу тәртібі

5.1. Тараптар Шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешуге тырысады.

5.2.  Осы Шартқа байланысты және одан туындаған, Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен реттелмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралуға жатады.

  1. Қорытынды ережелер

6.1. Осы Шарт «Орындаушының» жария офертасын «Заңды өкілдің» акцепті жолымен жасалды және Тараптар өзіне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады. «Орындаушы» «Заңды өкілді» өзгерістер күшіне енгенге немесе офертаны кері қайтарып алғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей міндетті түрде хабардар ете отырып өз қалауы бойынша кез келген сәтте офертаның шарттарына өзгерістер еңгізу немесе офертаны кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады.

6.2. «Заңды өкіл» офертаға өзгерістер енгізу Тараптар арасында жасалған және қолданыстағы Шартқа осы өзгерістерді енгізуге әкеп соғатынымен келіседі және мойындайды және Шартқа бұл өзгерістер офертадағы осындай өзгерістер күшіне енген кезде бір мезгілде күшіне енеді. Осымен «Заңды өкіл» шарт жасасу үшін қажетті барлық заңды құқықтары мен өкілеттіктері бар екенін растайды.

6.3. «Delve Camp» ағылшын лагерінде жүріп-тұру ережелері» № 1 қосымша Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Жария оферта Келісім-шартына (балалар демалысы)

№ 1 қосымша

«Delve Camp» лагерінде жүріп-тұру ережелері

Бұл ережелерді Лагерь әкімшілігі демалушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Лагерь әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына сеніп тапсырылған балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауаптылықта болуына байланысты әзірледі.

  1. Жалпы ережелер

1.1. Демалушылардың ҚР Конституциясының, Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін сақтауы.

  1. Ұйымдастыру ережелері

2.1. Лагерь аумағында персонал мен арнайы қонақтардан бөлек: музыканттар, әншілер, бишілер, Тик Токерлер және т. б, басқа ата-аналардың, еріп жүретін адамдардың және өзге адамдардың тұруына тыйым салынады.

2.2. Орталыққа келетін балаларды қабылдау Шарттың 3.2.2 тармағында көрсетілген құжаттар міндетті түрде болған кезде жүзеге асырылады.

2.3. Лагерьге келетін балада қажетті құжаттар тізбесінің болмауы (олардың мазмұнына сәйкестігі), оның басқа балалармен байланысқа түсуінен берілуі мүмкін ауыр сырқаты, бактериялық сипаттағы аурулары анықталған жағдайда толық жауапкершілікті (баланы үйге қайтаруға дейін) «Заңды өкіл» өзіне алады.

2.4. Ата-аналар мен еріп жүретін адамдардың демалушы балалармен кездесуі сенбі, женсенбі күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, Лагерь өкілінің қатысуымен, арнайы бөлінген жерде жүргізіледі.

2.5. Демалушыларды «Заңды өкілдерге» шектеулі уақыт аралығына және маусым аяқталғанға дейін (мерзімінен бұрын) берілген жағдайда — өтініш пен қолхаттарды ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.

2.6. Демалушы өз қалауы бойынша мерзімінен бұрын кеткен жағдайда жолдама құнын қайта есептеу жүргізілмейді.

2.7. Лагерь әкімшілігі балалардың телефондарын жинауға, тиісті түрде сақтауға және белгілі бір сағаттарда, 3, 6 және 9 күндері, сондай-ақ басқа уақытта балалардың немесе «Заңды өкілдің» өтініші бойынша беруге құқылы;

2.8. Әкімшіліктің дипломдар, сыйлықтар тапсыру, кейінгі келулерге жеңілдік беру арқылы ерекше көзге түскен демалушыларды көтермелеуге құқығы бар.

2.9. Келу кезінде, корпустарға қоныстану кезінде Лагерьге келген барлық демалушылар жасын, жыныстық ерекшеліктерін және ағылшын тілін меңгеру деңгейін ескере отырып, компаниялар (отрядтар) бойынша бөлінеді.

  1. Жеке гигиенаны сақтау ережелері

3.1.   Төсек жабдықтарын ауыстыру 3 күнде бір рет жүргізіледі.

3.2.   Бөлмеде 4-тен 10 адамға дейін тұрады.

3.3. Әр бөлме кереуеттермен, тумбочкамен, шкафпен, төсек-орын жабдықтарымен, санитарлық торабы бар душ бөлмесімен, раковинамен және айнамен жабдықталған. Тәулік бойы ыстық және суық су бар.

  1. Ішкі тәртіп ережелері

4.1. Күн тәртібін сақтау.

4.2. Тамақтану күніне кемінде бес рет жүргізіледі.

4.3. Шомылу міндетті түрде спорт нұсқаушысы, кеңесшінің қатысуымен бассейнде жүзеге асырылады.

  1. Мінез-құлық ережелері

 — ӘР АДАМНЫҢ (ересек пен баланың) ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН СӨЗСІЗ ҚҰРМЕТТЕУ.

 — МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН БАРЛЫҒЫНА (балалар мен ересектерге) ТЕҢ ЖАУАПКЕРШІЛІК.

 — ЛАГЕРЬДІҢ БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҰМТЫЛУ.

5.1 Лагерьде қатаң түрде тйым салынады:

5.1.1. Алкогольді ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды, түйрейтін және кесетін заттарды, қаруды сақтауға, тұтынуға, таратуға, сондай-ақ темекі шегуге, балағат сөздерді қолдануға, аумақтан өз бетінше шығуға, Лагерь аумағынан тыс жерде азық-түлік сатып алуға, тамақ пен азық-түлікті сырттан балаларға әкелуге/беруге, бассейнде немесе курорттық аймақтың ашық су айдындарында өз бетінше шомылуға;

5.1.2. Автобустарда, асханада, бассейнде, корпуста және Лагерьдің басқа үй-жайларында болған кезде директордың, әкімшінің, тәлімгерлердің, дәрігердің нұсқауын бұзуға;

5.1.3. Серуендеу және іс-шаралар кезінде өз тобыңызды еріп жүретін адамның рұқсатынсыз қалдырып кетуге;

5.1.4. Ішкі тәртіп ережелерін бұзуға;

5.1.5. Үзілістен кейін өз корпусынан тыс болуға, үзілістен кейін және демалуға арналған уақытта шу шығаруға;

5.1.6. Басқа балаларға моральдық және физикалық зиян келтіруге, қорлауға, төмендетуге, балағат сөздер айтуға, жолдастардың, тәрбиешілер мен Лагерь қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіруге;

5.1.7. Бопсалаумен, қорқытумен, ұрлықпен айналысуға, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзуға, ақша үшін кез-келген құмар ойындарға қатысуға;

5.1.8. Лагерьдің материалдық-техникалық базасына немқұрайлы қарауға қатаң тыйым салынады.

5.1.9. Шарттың 5.1.1, 5.1.6., 5.1.7 тармақтарын бұзғаны үшін Лагерь әкімшілігінің демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету шартын мерзімінен бұрын бұзуға (жолдама құнын өтемей) және «Заңды өкілді» міндетті түрде хабардар ете отырып, Лагерьде одан әрі болудан бас тартуға құқығы бар. Лагерьге залал келтірілген жағдайда әкімшілік залалдың құнын толық өтеуді талап етуге құқылы.

5.1.10. Лагерьден демалушыны мерзімінен бұрын әкету жағдайы туындаған кезде жүріп-тұру ережелерін бұзғаны үшін демалушыны әкету және үйге жеткізуді ұйымдастыру бойынша барлық жауапкершілікті «Заңды өкіл» көтереді.

5.2. Лагерьде өзімен бірге әкелуге және алып жүруге қатаң тыйм салынады:

5.2.1. Барлық түрдегі, соның ішінде газ, суық қару; жанғыш және жарылғыш заттар; жеке гигиена заттарын қоспағанда, пышақтар және өткір заттар. Лагерь әкімшілігі қоғамдық қауіпті заттарды алып қою құқығын өзіне қалдырады.

5.2.2. Өзін-өзі қорғау заттары (электрошок, газ құрылғылары, резеңке таяқшалар және т.б.), пиротехникалық құрылғылар (петардалар, дүрбелеңдіргіштер және т.б.).

5.2.3. Тез бұзылатын тағамдар, темекі, оттықтар, сіріңкелер, алкоголь мен есірткінің кез-келген түрін.

5.2.4. Дәрігердің арнайы нұсқауынсыз күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді алып келуге және алып жүруге тыйым салынады.

Жоғарыда аталған тыйым салынған заттарды алуға (сатып алуға) тырысу, сондай-ақ оларды Лагерьде баладан тауып алу жүріп-тұру ережелерін бұзу ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда «Орындаушы» тиісті шараларды қабылдау құқығын өзіне қалдырады. Тыйым салынған заттар табылған жағдайда олар тәркіленіп, жойылады.

Баланың Лагерьге келуі Лагерьде белгіленген осы жүріп-тұру ережелерін орындауға «Заңды өкілдің» келісімі болып саналады.