Ата-аналарға

Баланы жазғы лагерге жіберу біршама сұрақтар тудырады. Соның жиі қойылатындары:

Қандай киім алу керек?
Күнделікті киімдер: футболкалар, теннискілер, майкілер, шорты, жұқа джинсы/шалбар, көйлек, ашық және жабық аяқ киім;
Кепка/панама немесе басқа күннен қорғайтын бас киім;
Кешкі іс шараларға киетін киім;
Спорт костюмы және кроссовки;
Жылы киім: толстовка, жемпір, ветровка;
Іш киімдер мен нәскилер;
Пижама/ұйқыға киетін киім;
Шомылуға арналған киім және сланцы/шлепки.

Тұратын бөлмеде полотенце, шампунь және сабын болады ма?
Жоқ. Жеке гигиена заттарын өзіңізбен бірге алып келіңіз.

Лагерде мобилді байланыс бар ма?
Бар.

Лагерде тыйым салынған заттар
Алкоголь, насвай, темекі және табак қыздыратын құралдар;
Сіріңке, зажигалка және басқа да от тұтатушы кұрылғылар;
Өткір және дене кесетін заттар;
Электрқыздырғыш аспаптар (шәйнектер, су қайнатқыш және т.б.);
Сырттан тамақ кіргізуге, сүт, ет және басқа да тез бұзылатын өнімдерді алып келуге болмайды.

Балаға ақша берейік пе?
Оны өздеріңіз білесіздер. Лагердің ішінде магазин мен кафетерий бар.

Отрядта неше бала болады?
Бір отрядта 22 балаға дейін. Жалпы лагерде 175 балаға дейін болады.

Барарда жиналатын жер және уақыт
Таңғы 8-де Шымкент қ, Арғынбеков көш. 128, Delve Study офисына келу керек. Тіркелуден өтіп. Сағат 9-да автобустарға жайғасып, лагерге жол жүреміз.

Қай күндері барып баланы көрсек болады?
Сенбі және Жексенбі, 14:00 — 18:00 аралығында.

Лагерь біткен соң сағат нешеде келесіздер?
Сезонның соңғы күні автобустар сағат 4-ке Шымкент қ, Арғынбеков көш. 128, Delve Study офисына келеді.

Басқа қаладан келетіндерге не ұсынасыздар?
Біздің команда балаңызды аэропорттан/вокзалда күтіп алып, Delve Camp лагеріне жеткізеді. Сезон біткен соң, қайта салып жіберіп, аман-есен жеткеніне көз жеткізгенше қадағалаймыз. Бұл қызмет ақылы.